Kcell тұтынушыларды алаяқтардың қоңырауынан қорғайды

Kcell тұтынушыларды алаяқтардың қоңырауынан қорғайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2025 10:00 Сурет: Zakon.kz
"Кселл" АҚ абоненттерге алаяқтық қоңыраулар туралы ескертетін жаңа қызметті енгізді. Енді күдікті нөмірлерден қоңырау келіп түскен кезде абоненттер "Жағымсыз қоңырау. Шағымдар бар" деген жазбаны көреді.

Компанияның мәліметінше, автоанықтауыштық дерек базасында 50 мыңнан астам алаяқ нөмірі бар және ол желідегі белсенділікті талдау және серіктестер берген ақпарат есебінен күн сайын жаңартылып отырады. Бұл телефонмен жасалатын алаяқтықтың жаңа нұсқаларын уақтылы бұғаттауға мүмкіндік береді.

Телефонмен жасалатын алаяқтық барған сайын өршіп барады: олар нөмірлерді ауыстыруды, агрессивті қарым-қатынас сценарийлерін және психологиялық қысымды пайдаланады. Kcell ұсынған жаңа қызмет – абоненттерді алдын-ала қорғауға бағытталған құрал.

Асқар Жамбакин, "Кселл" АҚ басқарма төрағасы:

"Клиенттердің қауіпсіздігі - компанияның басты басымдықтарының бірі. Тек 2024 жылы біздің алаяқтықпен күресу тобы 2,8 миллионға жуық күдікті қоңырауларды бұғаттады. 2025 жылы бұл сан 2 миллионға жуық жетті".

activ/Kcell абоненттеріне оператордың мобильді қосымшасын орнатып, "Менің баптауларым" бөліміне өтіп, "Қауіпсіздік", содан кейін "Қоңырауды анықтау" тармағын таңдап, нұсқауларды орындау жеткілікті. Сондай-ақ, жаңа қызметті орнату нұсқаулары activ және Kcell-дің ресми YouTube парақшаларында орналастырылған. Бұл әрбір абонентке өз құрылғысында қорғанысты жылдам қосуға мүмкіндік береді.

Қызметті тіпті басқа операторлардың абоненттері де пайдалана алады– ол үшін activ/Kcell қосымшасын орнату жеткілікті.

iOS: баптауларда "Телефон" → "Қоңырауларды бұғаттау және сәйкестендіру" тармағын таңдаңыз, содан кейін activ/Kcell таңдаңыз.

Android: баптауларда "Телефон/Қоңыраулар" → "Баптаулар" → "Нөмірді автоматты анықтаушы және спам" тармағын таңдап, содан кейін activ/Kcell таңдаңыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: