Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі басталды

Бүгін, 2025 жылғы 17 қыркүйекте, Астанада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің пленарлық отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі., сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2025 10:31 Сурет: Zakon.kz/Оксана Даирова
Бүгін, 2025 жылғы 17 қыркүйекте, Астанада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің пленарлық отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Жиын Тәуелсіздік сарайында өтіп жатыр. Биылғы форум тарихтағы ең ауқымдысы болмақ. Осы күндері Астанаға әлемнің 60 елінен 700-ден астам делегат жиналды.

Съезд жұмысына ислам, христиан, иудаизм, буддизм, индуизм, даосизм, синтоизм және өзге де діндердің өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен рухани орталықтардың мүшелері қатысуда.

Алқалы шараның басты мақсаты – барлық діннің жасампаз күшін паш ету, рухани көшбасшылардың күш-жігерін біріктіріп, жаһандық қайшылықтар мен заманауи өзекті мәселелерді шешуге атсалысу.

18 қыркүйекте жас діни лидерлердің II форумы мен сарапшылардың дөңгелек үстелі өтеді. Оған Оксфорд орталығы, Роттердам университеті және басқа да беделді ғылыми мекемелердің ғалымдары шақырылған.

Бұған дейін сарапшылар бұл съезді "жай ғана астаналық форум емес, халықтар мен мәдениеттер арасындағы көпір, ашық диалог пен өзара түсіністік алаңы" деп бағалаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: