Қай күні, қай жерде су болмайды: Алматы тұрғындарына ескерту жасалды
Фото: pexels
Zakon.kz хабарлағандай, Алматыда жаңа су құбырлары желілерін іске қосу бойынша жоспарлы жұмыстар жалғасуда. Осыған байланысты қалада суық судың уақытша тоқтатылуы күтіледі. Бұл жолы тұрғындарға 2025 жылғы 23-24 қыркүйекке ескерту жасалды.
23 қыркүйек 2025 жыл сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жаңа су құбыры желісіне қосу жұмыстары жүргізілуіне байланысты Бостандық ауданында келесі аумақтағы тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылады:
- Серкебаев даңғылы бойындағы контурда: әл-Фараби даңғылы – Үлкен Алматы өзені – Малахов-Кожабеков көшелері, әл-Фараби даңғылы – Витебская көшесі – Хусаинова көшесі – Үлкен Алматы өзені.
- 24 қыркүйек 2025 жыл сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін Торайғыров көшесінің солтүстік жағында, Мустафин көшесінен Саин көшесіне дейінгі аралықта суық су уақытша ажыратылады.
Коммуналдық қызмет көрсетуші "Алматы Су" уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, тұрғындардан түсіністік танытуды өтінді.
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефонға хабарласуға болады: 274-66-66.
Еске сала кетейік, бұған дейін Түрксіб ауданының "Төменгі Бесжылдық" ықшам ауданында да су беру шектелген еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript