Президент Әкімшілігінде лауазымды қызмет атқарған Берік Беркімбаев жаңа қызметке тағайындалды
Сурет: gov.kz
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкіміне сәйкес, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Берік Серікұлы Беркімбаев тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Берік Серікұлы 1980 жылдың 1 ақпанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында туылған, қазақ, білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік заң академиясын және Шеффилд университетін (Ұлыбритания) бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі - құқықтану, мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат.
Еңбек жолын ол 2001 жылы прокуратура органдарында бастаған.
- 2010-2022 жылдар аралығында Беркімбаев ҚР Жоғарғы Сотының және Әділет министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.
- 2022-2023 жылдары - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары.
- 2023 жылдың ақпан-мамыр айлары - ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісі.
- 2023 жылдың мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымында қызмет етті.
Бұған дейін Ерболат Досаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалғаны белгілі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript