Қазақстандықтар сиыр еті бағасының өсуіне шағымдану үшін жедел желіге хабарласа алады

Телефон, мобильный телефон, сотовый телефон, смартфон, мобильный интернет, мобильная связь, мобильный оператор, мобильные операторы, социальные сети, соцсети, соцсеть, социальная сеть, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2025 13:26 Фото: pexels
Бірнеше күн бұрын, 2025 жылдың 20 қыркүйегінде, Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі сиыр етінің қымбаттау себебін түсіндірді. Ел тұрғындарының ең сүйікті өнімдерінің бірі күн сайын қымбаттап келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлік мәліметінше, 1 келі сиыр етін өндірудің орташа өзіндік құны 2 800–3 100 теңге аралығында.

Алайда дүкен сөрелерінде баға бұдан жоғары болуы мүмкін. Себебі бөлшек саудадағы құн өндіріс шығындары мен сауда үстемесіне ғана емес, еттің қай бөлігі сатылып жатқанына да байланысты.

Соған қарамастан, халықтың сұрақтары азайған жоқ. Сондықтан 2025 жылғы 23 қыркүйекте Сауда және интеграция министрлігі сиыр еті нарығындағы жағдайға қатысты мәселелер бойынша жедел желі ашты.

"Желі республика бойынша жұмыс істейді және қарапайым азаматтар мен кәсіпкерлер үшін қолжетімді". ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі

Мамандардың айтуынша, жедел желіге сиыр еті бағасына, сауда нүктелеріндегі үстемақыға, сондай-ақ өнім жеткізу кезінде туындайтын мәселелерге қатысты шағымдануға болады.

Байланыс нөмірлері

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті, ҚР Сауда және интеграция министрлігі (Астана):

  • +7 (7172) 74-98-32;
  • +7 (7172) 75-06-49;
  • +7 (7172) 74-98-36.

Өңірлердегі жедел желілер:

  • Астана: 8 (7172) 57-64-02
  • Алматы: 8 (727) 392-21-54
  • Шымкент: 8 (7252) 53-07-06
  • Абай облысы: (7222) 35-37-43
  • Ақмола облысы: 8 (7162) 50-29-89
  • Ақтөбе облысы: 8 (7132) 54-81-26
  • Алматы облысы: 8 (7272) 72-50-083
  • Атырау облысы: 8 (7122) 52-03-91
  • Батыс Қазақстан облысы: 8 (7112) 50-00-44
  • Жамбыл облысы: 8 (7262) 54-21-69
  • Жетісу облысы: 8 (7282) 41-56-10
  • Қарағанды облысы: 8 (7212) 21-42-08
  • Қостанай облысы: 8 (7142) 53-46-80
  • Қызылорда облысы: 8 (7242) 71-15-30
  • Маңғыстау облысы: 8 (7292) 43-14-34, 8 (7292) 43-01-17
  • Павлодар облысы: 8 (7182) 55-10-70
  • Солтүстік Қазақстан облысы: 8 (7152) 46-81-33
  • Түркістан облысы: Абдусаттаров Нұрдаулет +7 707 111 6501, Әшімханов Асқар +7 771 322 82 82
  • Ұлытау облысы: 8 (7102) 76-30-10
  • Шығыс Қазақстан облысы: 8 (7232) 26-72-07
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: