Қазақстан жүзуден ірі турнирде 4 медаль иеленді

Қазақстан жүзуден ірі турнирде 4 медаль иеленді , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2025 12:05 Сурет: Instagram/qaz_team_official
Әзірбайжанда басталған ТМД елдерінің III ойындарында жүзуден Қазақстан құрамасы үшін алғашқы жарыс күні сәтті өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметіне сүйенсек, қазақстандық спортшылар 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

  • Тайисия Короткова (баттерфляй, 100 м) – күміс
  • Маргарита Зайцева (шалқалай жүзу, 200 м) – күміс
  • Маргарита Раенко (шалқалай жүзу, 200 м) – қола
  • Қазақстан құрамасы (аралас эстафета 4×100 м, еркін әдіс).

Белгілі болғандай, жүзуден жарыс Гянджа қаласында өтіп жатыр. Барлық ойындар Әзірбайжанның 7 қаласында қатар өтеді. Биыл 13 елден келген 1624 спортшы 23 бағдарламада жүлдеге таласады.

Бұған дейін Мажарстанда өткен ауқымды турнирде қазақстандық гимнаст жеңіс тұғырынан көріне білгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: