Алатау қаласында 2 мың гектардан астам жерді мемлекет мұқтажы үшін алу жоспарлануда

Земельный участок, земельные участки, земля, землевладение, участок земли, участки земли, территория, территории, земельная доля, стоимость земли, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2025 16:11 Фото: pexels
ҚР Үкіметі басшысы Олжас Бектенов Алатау қаласының дамуы жайлы депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, 2025 жылдың соңына дейін мемлекет мұқтажы үшін қосымша жерлер алынады.

"Алатау қаласы құрылғаннан бері мемлекет мұқтажы үшін 593 гектарға жуық жер учаскесі алынғанын, ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 2,4 мың гектарға жуық жер учаскесін алу жоспарланып отырғанын атап өтемін",- деді Премьер-министр.

Сондай-ақ, ол Алатау қаласына жұмысқа келген мамандарға "Дипломмен ауылға" бағдарламасын және Алатау қаласы үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын сақтау жөніндегі бастамалар әзірленіп, қолдау тапқанын айтты.

"Бұдан басқа, жаңа қаланы қала құрылысы құжаттамасымен қамтамасыз ету бойынша Алматы облысының әкімдігі бүгінгі таңда қаланың Бас жоспарына өзгерістер енгізді (2025 жылғы 9 қыркүйектегі ҚР Үкіметінің № 727 қаулысы), салалық схемалар Алатау қаласы мәслихатының шешімімен мақұлданды және а.ж. соңына дейін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтау жоспарлануда. Барлық қала құрылысы құжаттарын әзірлеу аяқталғаннан кейін объектілердің құрылысы басталады". Олжас Бектенов

Бұған дейін сотталғандарға қатысты қоғамдық жұмыс тәртібі күшейтілгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: