Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды даярлау және білімін тексеру ережелеріне өзгерістер енгізілді

Стройка, строительство, строительный объект, строительные работы, строители, рабочие, строитель, рабочий, новостройка, новостройки, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2025 16:11 Фото: pixabay
2025 жылғы 7 қазанда ҚР төтенше жағдайлар министрі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандар мен қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың білімін тексеру қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, енді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жетекшілерді, мамандар мен қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау тәртібі үздіксіз оқыту қағидаты негізінде жүзеге асырылады. Оқыту сапасы тестілеу арқылы немесе жазбаша түрде, мемлекеттік не орыс тілінде емтихан тапсыру нәтижелерімен бағаланады.

Дайындықтан өтуге тиіс тұлғалар:

  • қауіпті өндірістік объектілердің технологиялық процесіне қатысатын жетекшілер, мамандар және жұмысшылар;
  • қауіпті нысандарды пайдаланатын, техникалық қызмет көрсететін, техникалық куәландыру, монтаж және жөндеу жұмыстарын жүргізетін қызметкерлер;
  • сондай-ақ жобалық және басқа да ұйымдардың қызметкерлері, егер олар қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс істесе.

Оқыту мерзімі:

  • қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс істейтін қызметкерлер – алдын ала кемінде 10 сағаттық бағдарлама бойынша жыл сайын оқудан өтеді;
  • басшылар, мамандар және инженерлік-техникалық қызметкерлер – кемінде 40 сағаттық бағдарлама бойынша үш жылда бір рет оқудан өтеді.

Құжатта сондай-ақ қайта даярлауға жататын тұлғалар да нақтыланған. Олар да 10 сағаттық бағдарлама бойынша оқудан өтеді.

Сонымен қатар жаңа редакцияда:

  • Үлгілік бағдарлама,
  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасы,
  • Оқу жоспары және өзге де әдістемелік құжаттар жаңартылған.

Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: