ЖИ және цифрлық даму министрлігі Қазақстандағы телефондардың бұғатталуына қатысты түсініктеме берді

Телефон, мобильный телефон, сотовый телефон, смартфон, мобильный интернет, мобильная связь, мобильный оператор, мобильные операторы, социальные сети, соцсети, соцсеть, социальная сеть, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2025 10:39 Фото: pexels
Қазақстанда заңсыз әкелінген смартфондардың бұғатталуына қатысты мәселе бойынша түсініктеме берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ЖИ және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкиннің айтуынша, егер азамат телефонды өзі шетелден әкелген болса, оны арнайы сервис арқылы тіркеп, қажетті мәліметтерді енгізе алады. Бұл жағдайда ешқандай қиындық туындамайды.


"Ал егер смартфон заңсыз жолмен әкелінсе, кейбір құрылғылар шынымен бұғатталуы мүмкін. Мұндай телефондарды заңдастыруға болады – ол үшін азаматтар тиісті ақпаратты жіберіп, тексерістен өтеді. Егер олардың белгілі бір мерзімде шетелге шыққаны расталса, смартфон тіркеліп, оны еркін пайдалануға мүмкіндік беріледі", – деді Коняшкин.

Журналистердің маркетплейстерде сатылып жатқан, бірақ жұмыс істемей қалған ("кірпішке" айналған) телефондарға қатысты сұрағына жауап берген вице-министр сатып алу алдында смартфонның заңды әкелінгенін IMEI-коды арқылы тексеру қажеттігін еске салды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда ресми тіркелмеген смартфондарды бұғаттау процесі басталғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: