Мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлер үшін жалдау ақысы бір жыл бойы көтерілмейді
Фото: freepik
Сауда және интеграция министрі ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету ережелеріне түзетулер енгізетін бұйрық дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, ережелерге енгізілген өзгерістерге сәйкес, сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және несиелер бойынша кепілдендіру шарттары жасалғаннан кейін (яғни сауда алаңдарын жалға берушілер үшін) сауда орындарының жалдау құнын бір жыл ішінде арттыруға шектеу қойылады.
Министрлікте түсіндірілгендей, жалдау ақысының құнын бір жыл ішінде өсіруге шектеу қою туралы бұл түзетулер шағын және орта бизнес үшін, сондай-ақ жалға алынған сауда алаңдарында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер үшін ерекше маңызды.
Осының нәтижесінде кәсіпкерлер өз шығындарын алдын ала жоспарлап, жалдау ақысының күтпеген немесе негізсіз көтерілуінен қорғана алады.
Құжат "Ашық НҚА" сайтында 18 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript