Астанада автожуу орнында өрт шықты

Астанада автожуу орнында өрт шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2025 19:11 Сурет: видео скрині
Астана қаласының өрт сөндірушілері Алматы ауданындағы Н. Төреқұлов көшесінде орналасқан жеке тұрған бір қабатты ғимараттағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Н. Төреқұлов көшесінде өзін-өзі қызмет көрсету автожуу орнында өрт шыққан.

"Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт шыққан аймақтан 2 газ баллоны эвакуацияланды, бұл мүмкін болатын жарылыстың алдын алды", - делінген хабарламада.

40 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында жанар-жағармай таситын көлік өртенгенін хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: