Алматыда тәулік ішіндегі екінші ірі өрт шықты: әкімшілік ғимарат жанып жатыр

Алматының орталығында тәулік ішіндегі екінші ірі өрт шықты: әкімшілік ғимарат жанып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2025 19:03 Сурет: Zakon.kz
Алматының Алмалы ауданында Төле би көшесі бойында үш қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры өртеніп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі оқиға орнында екінші дәрежелі өрт жарияланғанын хабарлады.

Сурет: Zakon.kz

Өрттің жақын тұрған нысанға таралу қаупі бар.

Сурет: Zakon.kz

"Жергілікті жерде өрт сөндіру штабы құрылып, 5 оқпан берілді, үздіксіз су беру ұйымдастырылды", - делінген хабарламада.

Сурет: Zakon.kz

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы балалар үйінің аумағында орналасқан асхана ғимаратында өрт шыққанын хабарлаған едік.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама түсісімен оқиға орнына құтқару қызметтері жеткен. Балалар үйі әкімшілігінің айтуынша, өрт болған сәтте ғимаратта адамдар болмаған.

Кейінірек өрттің оқшауланғаны хабарланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: