Ақмола облысында полицейлер заңсыз жалға берілетін пәтерлер мен үйлерді анықтады
Фото: pexels
Халықты учаскелік аралаудан басқа жедел қызметтердің қызметкерлері, пробация қызметінің инспекторлары және мемлекеттік органдардың өкілдері жүргізеді.
Бірлескен жұмыстың арқасында 2,5 айда 285 мың пәтер мен жеке үйлер, 580-ден астам шаруа қожалықтары мен саяжай массивтері тексерілді.
Тексеру нәтижелері бойынша полицейлер заңсыз жалға берілген 265 тұрғын үйді анықтады. Қазіргі таңда пәтерлер мен үйлер бойынша материалдар құзыретті органдарға жіберілді.
"Учаске" кезеңінде құқық қорғау органдары 34000 – нан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесіп, 900 жасөспірім-бұзушыларды полицияға жеткізді.
Заңсыз айналымнан тіркелмеген 27 қару тәркіленді. Полиция азаматтардан өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды және қызметкерлердің заңды талаптарына кедергі келтірмеуді сұрайды.