Елімізде балалардың 20 пайыздан астамы семіздіктен зардап шегеді

Школьники, ученики, школа, школы, частная школа, частные школы, ученики за партой, школьный кабинет, класс, школьные занятия, уроки, учитель, педагог, преподаватель , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2025 12:16 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстандағы 6-9 жас аралығындағы балалардың 21 пайызында артық салмақ немесе семіздік бар.

Ал жасөспірімдердің 40 пайыздан астамы энергетикалық сусындарды тұрақты түрде тұтынады.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нұргүл Тауқызы "қауіпсіз балалық шақ: тұтыну сапасын бақылау және контрафактіден қорғау" тақырыбында өткен дөңгелек үстелде айтты, деп жазады qazaqstan.tv.

Жиында жеткіншектерге қауіпті, сертификатталмаған өнімдерге қатысты мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру сөз болды.

"Бұл тақырып жас ұрпақтың фастфудты, газдалған және энергетикалық сусындарды, тұзы мен қанты көп өнімдерді шамадан тыс тұтыну мәселесіне қатысты. Сонымен қатар, контрафактты, таңбаланбаған және қолдан жасалған тауарлар да бар. Мемлекеттік органдардың мәліметінше, дүкен сөрелерінде 10 мыңдай жалған өнім бар. Бұл анықталғандары ғана. Сондықтан бұл мәселе өте өзекті." Ажар Хамит, Әлеуметтік жобалар мен қоғамдық бастамалар орталығының басшысы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: