"Алматы – Астана" бағытының вагондары толық жаңартылады

КТЖ, Казахстанские железные дороги, поезд, поезда, вагон, вагоны, ЖД, железнодорожный вокзал, платформа, расписание поездов, скоростной поезд, Тальго, пассажиры, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2025 16:04 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
"Пассажирские перевозки" АҚ басқарма төрағасы Дияр Нүсіпқожанов 2025 жылдың 28 қарашасында өткен Қазақстан–Швейцария іскерлік кеңесі барысында Stadler компаниясымен жасалған келісім туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Дияр Нүсіпқожановтың айтуынша, бұған дейін 557 жаңа вагон өндіру туралы келісімге қол қойылған.

"Биыл 51 жаңа вагонның жеткізілуін күтіп отырмыз. Келесі жылы тағы 100 вагон келеді деп жоспарлануда. 2030 жылға дейін Stadler компаниясының көмегімен жолаушылар вагондарының паркын толық жаңартуды көздеп отырмыз. Биыл келетін 51 вагон қазіргі "Алматы – Астана" бағытында жүретін "Тальго" вагондарының орнына іске қосылады. Stadler вагондары ірі өңіраралық бағыттарда, ішкі нарықта пайдаланылатын болады. Осылайша, еліміздің ішкі қажеттілігі толық қамтамасыз етіледі деп күтеміз. Жоспар бойынша 2030 жылға қарай вагон паркі толық жаңартылады", – деді ол.

Оның айтуынша, Stadler компаниясымен жасалған келісімшарттың құны 709 млрд теңгені құрайды.

Бұған дейін хабарланғандай, қазіргі уақытта жолаушылар вагондарының 73%-ының тозу мерзімі 20 жылдан аспайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: