2026 жылдан бастап салық төлеушілерге жаңа жеңілдік: шоттарды бұғаттау мен айыппұлдар жеңілдетіледі

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2025 13:13 Фото: Zakon.kz
Қаржы министрлігі салық және кеден әкімшілендіруіндегі жаңа тәсілдерді, оның ішінде салық міндеттемелерін орындауды жеңілдетуге бағытталған өзгерістерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Негізгі жаңалық – бақылаудан қызмет көрсетуге, жазалаудан профилактикаға көшу және адал салық төлеушілерге барынша ыңғайлы жағдай жасау.

Жаңа саясаттың орталық элементі – 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын және микробизнеске "таза парақ" жариялау.

Осы шара аясында:

  • негізгі қарызды 2026 жылғы 1 сәуірге дейін өтеу кезінде өсімпұлдар мен айыппұлдар жойылады;
  • өткен кезеңдерге жүргізілген салық тексерулері жойылады;
  • компанияларды жабу рәсімі айтарлықтай жеңілдетіледі.

Сонымен қатар, декларацияларды уақытында тапсырмағаны үшін айыппұлдар алынып тасталады. Құжат ұсынылмаған жағдайда ол автоматты түрде нөлдік есеп ретінде қарастырылады.

Сондай-ақ, төлемдерді өндіріп алу шегі көтерілді: 2026 жылы 20 МРП-қа (86 500 теңге) дейінгі қарыз болған жағдайда, салық төлеуші тек ескерту алады, шоттары бұғатталмайды. Мүлікті тәркілеу тек елеулі және созылмалы қарыздар кезінде қолданылады.

ҚҚС саласында "автоматты бақылау" жүйесі енгізіледі: электрондық салық фактурасын тек ҚҚС артықшылығы болған жағдайда ғана рәсімдеуге болады.

Қазақстандықтар үшін банкроттық рәсім жеңілдетіледі: ескі қарыздарды алдын ала реттеу талабы жойылады, сондай-ақ процедураны себепсіз тоқтату құқығы пайда болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: