2026 жылы 850-ден астам запастағы офицер әскерге шақырылады
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Үкімет 2025 жылғы 4 желтоқсандағы "Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы" қаулысын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатқа сәйкес, әскери қызметке жарамды, бұрын әскери қызмет өтемеген запастағы офицерлер 2026 жылы жиырма төрт ай мерзімге офицерлік құрам лауазымдарында қызмет атқару үшін заңда белгіленген тәртіппен әскерге шақырылады.
Барлығы 859 адам шақырылмақ.
Оның ішінде:
- ҚР Қарулы күштеріне – 700 адам,
- ҚР ҰҚК Шекара қызметіне – 80 адам,
- ҚР ІІМ Ұлттық ұланына – 64 адам,
- ҚР ТЖМ-ге – 15 адам.
Қаулы 2025 жылғы 20 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.
Бұған дейін 2025 жылы әскери қызметке 915 запастағы офицер шақырылғаны хабарланған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript