Енді 1414 SMS-кодтары қолданылмайды

Телефон, мобильный телефон, сотовый телефон, смартфон, мобильный интернет, мобильная связь, мобильный оператор, мобильные операторы, социальные сети, соцсети, соцсеть, социальная сеть, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2025 09:17 Фото: pexels
Қазақстанда 1414 қысқа нөмірі арқылы жіберілетін SMS-кодтар енді мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қолданылмайды. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Бас прокуратурамен бірлесіп қауіпсіздікті күшейтіп жатыр.

Жаңа ережелер интернет алаяқтардан сақтану мақсатында енгізіледі. Бұрын кейбір мемлекеттік сервистерге бір реттік SMS-код арқылы кіру мүмкіндігі болған, деп жазады qazaqstan.tv.

Алайда 1414 хабарламасы арқылы жеке деректерді ұрлау қаупі жоғары. Сол себепті ақпараттық жүйелердің иелеріне SMS-кодтарды қолданбай, қолжетімділік ережелерін қатаңдату тапсырылды.

Енді мұндай жағдайды болдырмау үшін 1414 SMS-шлюзін қолданатын барлық ақпараттық жүйелерге кіру тәртібі қатаңдады.

Бұл процесстер тек биометриялық аутентификация, электрондық цифрлық қолтаңба немесе eGov QR-коды арқылы ғана жүзеге асады. Биыл желтоқсаннан бастап көрсетілген міндетті талаптарды енгізбеген жүйелер 1414 SMS-шлюзінен ажыратылды.

Бұған дейін министрлік 1414-тен келетін кодтың несие рәсімдеуге тікелей қатысы жоқ екенін ескерткен. Бұл – тек психологиялық айла. Алаяқтар SMS-кодты сенімге кіру үшін пайдаланады. Соның салдарынан ақпарат ұрланып, микрокредит рәсімдеуге қолданылуы ықтимал, – дейді жауаптылар.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: