Енді 1414 байланыс орталығында ЖИ-ассистент кеңес береді

Искусственный интеллект, ИИ, AI, интеллектуальные компьютерные программы, интеллектуальная компьютерная программа, современные технологии, цифровизация , сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2026 10:13 Фото: primeminister.kz
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Бірыңғай 1414 байланыс орталығында генеративті жасанды интеллект негізіндегі AI-ассистентті енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжат жасанды интеллект технологияларын сынақтан өткізу және Бірыңғай 1414 байланыс орталығында мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін жетілдіру мақсатында әзірленген.

Бұйрық жобасында мемлекеттік қызметтерді жетілдіру үшін 1414 байланыс орталығына генеративті AI-ассистентті енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу тәртібі регламенттеледі. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мен мемлекеттік органдар жүйелерді интеграциялауды, API интерфейсін тестілеуді және қатаң киберқауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуі тиіс.

Пилоттық жоба аясында AI-ассистенттің функционалын кезең-кезеңімен кеңейту жоспарланып отыр. Оның ішінде мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес беру және динамикалық сервистер арқылы олардың нәтижелерін ұсыну қарастырылған.

Азаматтар қажетті ақпарат пен мемлекеттік қызметтердің нәтижелерін дауыс арқылы ала алады. Пилоттық жобаны іске қосу өтініштерді өңдеу тиімділігін арттырып, күту уақытын қысқартады және операторларға түсетін жүктемені азайтады.

Жоба 15 қыркүйекке дейін "Ашық НҚА" порталында талқылауға ұсынылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: