Алматыда қар қашан тоқтайды

Медео, Медеу, канатная дорога на Чимбулак, Шымбулак, высокогорное урочище, горы, снег, холод, высокогорный спортивный комплекс, горный курорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2025 15:16 Фото: akorda.kz
"Қазгидромет" РМК мамандары Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша 2025 жылғы 19–21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, Алматыда сенбі күні жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы бойынша ауа райы

19 желтоқсан:

Ала бұлтты, түнде аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз қар, боран. Күндіз жолдарда көктайғақ.

Жел – оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с.

Ауа температурасы: түнде –13…–15°С, күндіз –5…–7°С.

20 желтоқсан:

Бұлтты, қар, боран.

Жел – оңтүстік-батыстан, батыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с.

Ауа температурасы: түнде –8…–10°С, күндіз –6…–8°С.

21 желтоқсан:

Ала бұлтты, түнде қар, боран.

Жел – оңтүстік-батыстан 9–14 м/с.

Ауа температурасы: түнде –25…–27°С, күндіз –18…–20°С.

Алматы қаласы бойынша ауа райы

19 желтоқсан:

Ала бұлтты, түнде және таңертең қар жауады. Кей жерлерде көктайғақ, тұман.

Жел – солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, 2–7 м/с.

Ауа температурасы: түнде –5…–7°С, күндіз –1…+1°С.

20 желтоқсан:

Ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, көктайғақ.

Жел – шығыстан 2–7 м/с.

Ауа температурасы: түнде –5…–7°С, күндіз –1…+1°С.

21 желтоқсан:

Ала бұлтты, кей уақытта қар жауады, тұман, көктайғақ.

Жел – шығыстан батысқа ауысады, 2–7 м/с.

Ауа температурасы: түнде –5…–7°С, күндіз 0…+2°С.

Шымкент қаласы бойынша ауа райы

19 желтоқсан:

Ала бұлтты, түнде қар. Кей жерлерде тұман.

Жел – солтүстік-шығыстан 5–10 м/с.

Ауа температурасы: түнде –5…–7°С, күндіз –1…+1°С.

20 желтоқсан:

Ауыспалы бұлтты, күндіз кей уақытта қар, боран. Тұман, көктайғақ.

Жел – солтүстік-шығыстан 8–13 м/с.

Ауа температурасы: түнде –3…–5°С, күндіз 0…+2°С.

21 желтоқсан:

Тұман, көктайғақ.

Жел – солтүстік-шығыстан батысқа ауысады, 8–13 м/с.

Ауа температурасы: түнде –5…–7°С, күндіз –2…–4°С.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер 18–20 желтоқсан аралығында Қазақстан бойынша ауа райының қалай өзгеретінін хабарлаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: