Еліміздің басым бөлігінде 26 желтоқсанда қар жауып, боран соғатыны болжанады

Ауа райы болжамы, қар, боран, 26 желтоқсан, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2025 18:37 Сурет: unsplash
2025 жылғы 26 желтоқсан, жұмада еліміз бойынша ауа райы қандай болатыны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтардың деректеріне сәйкес, Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райын солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер айқындайтын болады.

"Қар жауапы, боран соғады, еліміздің шығысына және орталығына қалың қар түседі деп болжанады. Республикамыздың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Сарапшылар атап өткендей, еліміздің солтүстік-батысында айтарлықтай жауын-шашын болмайды. Республика аумағында тұман, көктайғақ болып, жел екпін алуы мүмкін.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 25 желтоқсанда еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: