Қаржы министрі: қазақстандық бизнеске көрші елдерге көшу тиімсіз

Глобализация, глобальный бизнес, глобальная экономика, международный бизнес, международные отношения, международные связи, цифровизация , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2025 09:16 Фото: pixabay
Қаржы министрі Мәди Такиев 2025 жылғы 29 желтоқсанда Мәжіліс кулуарында қазақстандық бизнестің басқа елдерге көшіп жатқаны жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мәди Такиев салық реформасына байланысты қазақстандық бизнестің көрші мемлекеттерге жаппай көшуі туралы пікірді жоққа шығарды.

"Жоқ, ондай көшу жоқ. Меніңше, бұл – ойдан шығарылған уәж. Себебі көптеген нюанстар бар. Олардағы салық аз деп айтылады, бірақ бұл шындыққа сәйкес келмейді. Шектік мөлшерлемелер, айналымдар да, бизнестің өзі де бірдей. Оның үстіне, егер олар шын мәнінде көшетін болса, бұл бәрібір қазақстандық салық төлеуші, өмірлік мүдделерінің орталығы осында болғандықтан, қосымша салықтар туындайды. Сондықтан бизнестің басқа елге көшуі тиімсіз деп есептеймін", – деді Қаржы министрі.

Айта кетейік, 2025 жылғы 26 желтоқсанда бизнес үшін қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша декларацияны жеңілдету жоспарланып отырғаны хабарланған болатын. Осы мақсатта Қазақстан Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) қосылған құн салығы бойынша 300.00 нысанды алдын ала толтыруға арналған пилоттық сервисті іске қосуды көздеп отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: