ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі демалушыларға маңызды ескерту жасады
Сурет: ҚР ТЖМ
Құтқарушылар қысқы демалыс кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Азаматтарға тек арнайы жабдықталған жолақтарда сырғанау, қоршаулардан шықпау және міндетті түрде қорғаныш дулығасын кию ұсынылады. Үрлемелі шанамен (тюбингпен) сырғанаған кезде көлік құралдарына байланып жүруге тыйым салынады, сондай-ақ қауіпсіз арақашықтықты сақтау маңызды.
Сонымен қатар мамандар ауа райы жағдайын және жедел қызметтердің ресми ескертулерін мұқият бақылауға кеңес береді. Балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылып отыр: олар сырғанау алаңдары мен беткейлерде тек ересектердің бақылауымен ғана болуы тиіс.
ҚР ТЖМ өкілдерінің айтуынша, осы қарапайым қағидаларды сақтау қысқы демалыс кезінде жарақаттар мен төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Бұған дейін Қарағанды облысында қыстаудан қайтар жолда жоғалған адамдарды құтқарушылардың тапқаны хабарланған еді.