Циклон Қазақстанның басым бөлігін басып өтеді – синоптиктер 4 қаңтарға ауа райы болжамын жариялады
Фото: Zakon.kz
Синоптиктер 2026 жылғы 4 қаңтарға Қазақстан аумағындағы ауа райы мен қауіпті құбылыстарға қатысты болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" мәліметі бойынша, тек елдің оңтүстік-батысы мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Қазақстанның көп бөлігінде циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен қар мен боран күтіледі, ал батыс пен оңтүстікте жаңбыр мен қар жауады. Түркістан облысының таулы аймақтарында түнде және таңертең күшті жауын-шашын болуы мүмкін.
Сонымен қатар, республика бойынша тұман, мұздау және желдің күшеюі байқалады.
Естеріңізге сала кетейік, жаңа циклон 3–5 қаңтар аралығында Қазақстан аумағына түсіп, ауа райын күрт өзгертеді деп болжануда.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript