-25°C аяздан +10°C-ға дейін: Қазақстанда 2026 жылдың алғашқы жұмыс аптасында ауа райы қандай болмақ
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктердің ақпарына сүйенсек, республикасының батысында жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде болжанады, көктайғақ құбылыстары күтіледі.
"Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында қар жауып, бұрқасын соғады. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы басым болады". "Қазгидромет" РМК
Бұдан өзге, республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі.
Ауа температурасының жоғарылауы батыс өңірлерде байқалады: түнде 5–16° аяздан 0–8° аязға дейін, күндіз 10° аяз – 3° жылыдан 3° аяз – 8° жылыға дейін көтеріледі.
Солтүстікте, шығыста және орталықта ауа температурасының төмендеуі күтіледі: түнде 3–16° аяздан 10–25° аязға дейін, күндіз 1–11° аяздан 5–15° аязға дейін.
Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді: түнде 1–16° аяз, күндіз 0–10° жылы, таулы аймақтарда түнде 0–10° аяз сақталады.
Бұған дейін 4 қаңтарда Қазақстанның бірнеше қаласында атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болғанын жазғанбыз.