Қазақстандықтар әскерге жарамдылық туралы анықтаманы енді eGov-тан ала алады

Қазақстандықтар әскерге жарамдылық туралы анықтаманы енді eGov-тан ала алады, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2026 21:41 Сурет: gov4c.kz
"Smart военкомат" жобасы аясында Қорғаныс министрлігі eGov электрондық үкімет порталының "Жеке кабинетінде" азаматтарға арналған жаңа қызметті іске қосты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл қызмет арқылы пайдаланушылар азаматтың әскери қызметке қатыстылығы, әскери есепте тұруы, әскери қызметтен өткен кезеңдері, оның ішінде әлеуметтік төлемдер алуға құқық беретін мерзімдер туралы мәліметтерді жүктеп алып, мессенджерлер арқылы жіберіп немесе басып шығара алады.

Тәжірибе көрсеткендей, әсіресе әскери қызметке жарамдылық дәрежесі туралы ақпаратқа сұраныс жоғары. Аталған мәліметтерді алу үшін eGov порталының "Жеке кабинетіне" кіріп, "Әскери қызмет" бөліміндегі "Жүктеу" батырмасын басу жеткілікті.

Әскери есеп мәселелеріне жауапты Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің айтуынша, болашақта бұл деректерді mGov мобильді қосымшасы мен екінші деңгейлі банктердің сервистері арқылы да алу мүмкін болады.

Жаңа қызмет оқу орнына құжат тапсыру, әскери қызметке немесе құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарға жұмысқа орналасу кезінде құжат жинау процесін айтарлықтай жеңілдетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: