Қазақстандағы ақылы жолдардың ақаулы учаскелерін жөндеудің қаржыландырылу көзі аталды

Плохая дорога, разбитая дорога, плохие дороги, разбитые дороги, яма на дороге, ямы на дорогах , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2026 15:57 Фото: Zakon.kz
Көлік министрлігі редакциямыздың сұрауына жауап ретінде ақылы жолдардың ақаулы учаскелерін жөндеуді қаржыландыру мәселесіне түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алайда ведомство әзірге нақты соманы атаған жоқ, себебі жөндеу жобалары әлі әзірлеу сатысында.

Сонымен қатар министрліктің мәліметінше, жөндеу жұмыстары ақылы автожолдардан түсетін қаражат есебінен жүргізіледі.

Министрлік қосымша атап өткендей, жыл сайын Ұлттық оператор мен Ұлттық жол сапасы орталығының өкілдерінен тұратын комиссия ақылы жолдардың көктемгі және күзгі тексерулерін өткізіп, ақаулы учаскелерді анықтайды.

Сонымен қатар, ақылы жолдардағы қозғалыстың қауіпсіздігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін жолдарды күтіп ұстау және жөндеу жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Ведомство мәліметінше, ақаулы учаскелер саны әртүрлі факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.

Бұған дейін хабарланғандай, ақаулы жолдарда төлем алу жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін уақытша тоқтатылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: