Қазақстан Vogue журналы ұсынған үздік туристік бағыттың қатарына енді

Астана, город Астана, достопримечательности Астаны, столица Казахстана, пейзаж Астаны, Акорда, резиденция Президента Республики Казахстан, здание Акорды, туризм в Казахстане, туризм в Астану, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2026 09:11 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Халықаралық Vogue журналы 2025 жылы редакциясы аралап көрген әлемдегі ең үздік 14 туристік бағыттың тізіміне Қазақстанды қосты.

Беделді рейтингте еліміз Лондон, Сардиния, Барселона және Палм-Спрингс сынды жаһандық туристік орталықтармен қатар аталды. Мақалада Алматы қаласына ерекше назар аударылған.

Vogue редакциясы Алматыны заманауи қалалық орта мен көркем табиғат үйлесім тапқан, айқын контрасттарға толы қала ретінде сипаттайды. Материалда Іле Алатауының етегіндегі кеңестік кезең сәулеті, дамыған гастрономиялық мәдениет және қазақтың ұлттық асханасы ерекше аталады.

"Алғашқы күндерімді контрасттарға толы қаланы аралаумен өткіздім: Іле Алатауы аясындағы кеңестік даңғылдар, заманауи дәмханалар мен дәстүрлі қазақ дүкендері бір кеңістікте тоғысқан", — деп жазады материал авторы, креативті даму жөніндегі менеджер Али Фаруки.

Сондай-ақ, Алматы өңірді аралауға, соның ішінде көршілес Қырғызстанға сапарлауға қолайлы бастапқы нүкте ретінде көрсетіледі. Материал автордың алған әсеріне және Орталық Азия бойынша жасаған саяхатына негізделген.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Vogue нұсқасы бойынша үздік 14 туристік бағыттың қатарына Алматының енуі қалаға деген халықаралық қызығушылықтың артып келе жатқанын айғақтап, Қазақстанның әлемдік туристік картадағы орнын нығайта түседі. Алдын ала болжамға сәйкес, 2026 жылы Алматыға 800 мыңнан астам шетелдік турист келуі мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: