Балық шаруашылығына қатысты маңызды құжат қабылданды
Фото: unsplash
Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 12 қаңтардағы бұйрығымен балық ресурстары мен басқа да су жануарларынан алынатын туынды өнімдердің тізімін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тізімге 11 атаудан тұратын өнімдер енгізілді.
Атап айтқанда:
- уылдырық;
- балықтар мен басқа да су жануарларының қаны;
- балықтың ұрық бездері (молоки, гонадалар);
- су жануарларының цисталары (жұмыртқалары);
- қабыршақ;
- балықтар мен басқа да су жануарларының ішкі мүшелері;
- май (балық майы және басқа да су жануарларының майы);
- балықтар мен басқа да су жануарларының сүйектері;
- терісі;
- шеміршектері;
- жүзбеқанаттары.
Туынды өнімдер (дериваттар) — жабайы жануарлар мен балық ресурстарын өңдеу арқылы алынатын өнімдер болып табылады.
Аталған бұйрық 2026 жылғы 14 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript