Қазақстанда алтынды заңсыз өндірген бірнеше азамат айыппұл арқалады

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2026 10:16 Фото: Zakon.kz
Абай облысында сот бес тұлғаны әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 41 286 теңге мөлшерінде айыппұл салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңір прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, Жарма ауданында жүргізілген рейд барысында тиісті рұқсатсыз алтын және басқа да пайдалы қазбаларды іздеумен айналысқан бес тұлғаны анықтады. Құқықбұзушылардан заңсыз қызметте пайдаланылған металл іздегіштер тәркіленді.

Сот аталған тұлғаларды ӘҚБтК-нің 463-бабында көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 41 286 теңге мөлшерінде айыппұл салу және жабдықтарды мемлекет кірісіне тәркілеу түріндегі жаза тағайындады.

"Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады",- деп ескертті ведомство.

Бұған дейін Жамбыл облысында қоғамдық тәртіп жиі бұзылатын мекемелерге бақылау күшейтілгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: