Қазақстанда 2025 жылы жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарымен не болды

Тенге, деньги, коррупция, взятка, взятки, деньги в конверте, конверт с деньгами, коррумпированность, коррупционер, коррупционные схемы, взяточничество , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2026 10:16 Фото: Zakon.kz
2025 жылы жұмыс берушілер 5 млн 514 мың қызметкердің пайдасына жалпы сомасы 760 млрд теңге көлемінде міндетті зейнетақы жарналарын аударды. Бұл туралы 2026 жылғы 23 қаңтарда Zakon.kz сайтына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (ЕХӘҚМ) баспасөз қызметі мәлімдеді.

Белгілі болғандай, Қазақстанда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) енгізілді. Бұл жарналар жұмыс берушілердің өз қаражаты есебінен қызметкерлерінің пайдасына төленеді.

2024 жылы ЖМЗЖ мөлшерлемесі 1,5%, 2025 жылы – 2,5%, 2026 жылы – 3,5% құрады. Кейіннен 2028 жылға қарай мөлшерлеме 5%-ға дейін жеткізіледі.

Жұмыс берушілердің ЖМЗЖ аударуы жұмыскерлерді қартайған шағында өмір бойы қосымша жинақтаушы зейнетақы төлемімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Аталған шара қазақстандықтардың жас буынын қолдауға бағытталған, олардың зейнетақы мөлшері олардың зейнетақы аударымдарына тікелей байланысты болады. Олардың зейнетақысы үш компоненттен құралады: мемлекеттен базалық зейнетақы, жинақтаушы – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өз аударымдары есебінен және шартты-жинақтаушы – жұмыс берушілердің жарналары есебінен болады.

ЖМЗЖ төлеуді жұмыс берушілер 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған адамдар үшін ғана жүзеге асырады.

ҚР Салық кодексіне сәйкес ЖМЗЖ төлеу бойынша жұмыс берушінің шығыстары салық салынатын табыстан шегерімге жатқызылғанын атап өту қажет. Тиісінше, жұмыс берушіге жүктеме қолайлы деңгейде қалады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: