Қазақстанда Солтүстік Аралды толтырудың жолы табылды

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Солтүстік Арал теңізін сақтау және су шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру тетіктері талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2026 09:37 Сурет: pixabay
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілімен кездесу өткізді. Кездесу кезінде Солтүстік Арал теңізін сақтау және су шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру тетіктері талқыланды,деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның 2026 жылғы 26 қаңтардағы мәліметінше, негізгі назар Солтүстік Аралды сақтау жобасының екінші кезеңіне аударылды. Аталған кезең аясында теңіздегі су деңгейін көтеру үшін Көкарал бөгетін қайта жаңғырту көзделген.

Қазіргі уақытта жоба әзірлеу жұмыстары аяқталу сатысында тұр.

Сонымен қатар Қызылорда облысындағы ирригациялық желілерді қалпына келтіру жобасын дайындау жүргізілуде. Бұл жобаға цифрландыру мен автоматтандыру элементтерін енгізу жоспарланған.

"Аталған бастаманы жүзеге асыру су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттырып, үнемделген суды Солтүстік Арал теңізіне бағыттауға мүмкіндік береді", – деп нақтылады министрлікте.

Қазіргі таңда жобалар мемлекеттік сараптамадан өтуде.

"Солтүстік Аралды сақтау және қалпына келтіру – бұл тек экологиялық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік әрі стратегиялық маңызы бар міндет. Сондықтан бұл жоба біз үшін айрықша мәнге ие", – деді министр.

Айта кетейік, 2026 жылғы 22 қаңтарда Түркістан облысының Жетісай ауданында соңғы 40 жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет магистральдық суару арналарына ауқымды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: