Делдалдардың қызметінде ашықтық пен жауапкершілік талаптары бекітілді
Фото: pexels
Жоба делдалдардың адал жұмыс істеу стандарттарын енгізуге, жосықсыз тәжірибелердің алдын алуға, ақпаратты ашу мен кеңес беру талаптарын күшейтуге, сондай-ақ қаржы құралдарының клиентке сәйкестігін бағалау тетігін енгізуге бағытталған.
Сонымен бірге инвесторлардың құқықтарын қорғауға арналған ішкі саясаттарға қойылатын талаптар айқындалады. Атап айтқанда, клиенттермен өзара іс-қимыл тәжірибесін бақылауды, тәуекелдерді талдауды, сатылымдар мен жарнаманы қадағалауды, сондай-ақ клиенттердің өтініштерін саралауды жүзеге асыратын тәуелсіз бөлімше құру қарастырылады.
Бұдан бөлек, өтініштерді қарау тәртібі біріздендіріліп, инвесторлардың инвестициялық сауаттылығын арттыру бағдарламаларын іске асыру міндеті енгізіледі.
Құжат жобасы көпшілік талқылау үшін "Ашық нормативтік құқықтық актілер" порталында 16 ақпанға дейін орналастырылған.