Алматының Түрксіб ауданына жаңа әкім тағайындалды

Алматы мәслихаты Түрксіб ауданы әкімі қызметіне Дамир Әкежановтың кандидатурасын қолдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2026 11:47 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы мәслихаты Түрксіб ауданы әкімі қызметіне Дамир Әкежановтың кандидатурасын қолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратты 2026 жылдың 2 ақпанында Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа сүйенсек, Алматы қаласы мәслихатының сессиясында кадрлық мәселе қаралды. Президент Әкімшілігінің келісімімен Алматы әкімі Түрксіб ауданының әкімі қызметіне Дамир Әкежановтың кандидатурасын ұсынды. Бұған дейін ол Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

Кандидатты таныстырған Дархан Сатыбалды оның кәсіби тәжірибесіне және қаланың тыныс-тіршілігін жақсы білетініне тоқталды.

"Дамир Әкежановтың мемлекеттік басқару жүйесінде тәжірибесі мол, қаланың өзекті түйткілдерін жақсы біледі және мен жүктеген міндеттерді орындауға қажетті кәсіби даярлығы бар", – деді қала басшысы.

Талқылау қорытындысы бойынша мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны қолдады.

Дамир Әкежанов 2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "халықаралық құқық" мамандығы, ал 2008 жылы "қаржы" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2002 жылы сыртқы экономикалық байланыстар саласында бастаған. Әр жылдары Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдарында, соның ішінде кәсіпкерлік, өнеркәсіп және инвестиция мәселесіне жетекшілік ететін департаменттер мен басқармаларда, сондай-ақ аудан әкімдерінің аппараттарында жұмыс істеген. Басшылық қызметтер атқарып, Жетісу ауданы әкімінің орынбасары болған.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 16 жылдан асады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: