Қазақстанда қайтадан күн жылиды
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 2026 жылғы 3, 4 және 5 ақпанға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазгидрометтің мәліметіне сәйкес, алдағы үш күнде елдің көп бөлігі циклондық белсенділіктің ықпалында болады.
"Жауын-шашын болуы мүмкін. Кей күндері қар мен жаңбыр, көктайғақ пен тұман, қарлы боран мен жел күтіледі", – деп хабарлады метеорологтар.
Сондай-ақ мамандардың айтуынша, оңтүстік-батыс ауа массаларының келуі күндізгі ауа температурасын көтереді:
- Солтүстік аймақтарда – 0–7°С;
- Батыс, солтүстік-батыс және орталық аймақтарда – -5–+2°С;
- Оңтүстік аймақтарда – +8–+17°С, оңтүстік-шығыста – +5–+15°С.
Дегенмен 4 ақпаннан бастап Батыс Қазақстанда скандинавиялық антициклон ықпал етеді, оның салдарынан түнде ауа температурасы -20–28°С дейін төмендейді.
Бұған дейін 2026 жылғы ақпанға арналған консультативтік синоптикалық болжам жарияланған болатын. Ондағы мәліметке сәйкес, соңғы қыс айы аязды түндер мен аномалды жылы күндер алып келеді: температура -35°С-тен +17°С-қа дейін өзгереді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript