Қазақстанда психологтарға арналған дербес тізілім құрылады
Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 4 ақпанда Мәжіліс депутаттары "Психологиялық қызмет туралы" заң жобасын қарауға қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Депутат Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, заң жобасы психологиялық қызметті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін айқындап, бұл саланы реттеуге жүйелі әрі кешенді тәсіл қалыптастырады.
"Заң жобасында психологиялық қызметтің негізгі қағидаттары мен түрлері жан-жақты ашылып, кәсіби психологиялық көмектің шегі белгіленеді", – деді депутат.
Сонымен қатар оның сөзінше, барлық психологтер дербес тізілімде тіркеледі. Бұл аталған қызметті заңсыз жүзеге асыратын тұлғалардың әрекетінің алдын алуға мүмкіндік береді.
Бұған дейін депутат Кенжегүл Сейтжан жалған психологтердің қызметі қандай салдарға әкелуі мүмкін екені жөнінде пікір білдірген еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript