Қазақстанның басым бөлігінде қатты аяз күтілуде – ТЖМ шұғыл ескерту жасады

Снег, снегопад, зима, холод, мороз, заморозки, метель, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2026 10:46 Фото: Zakon.kz
Қазақстанда келесі үш күнде – 2026 жылғы 6, 7 және 8 ақпанда – қауіпті метеожағдайлар күтілуде. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК жариялаған дауылды ескертулерде хабарланды, деп жазады Zakon.kz.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) азаматтарға шұғыл ескерту жасады:

"Республиканың басым бөлігінде температураның күрт төмендеуі күтіледі. Елдің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарында 28 м/с дейінгі күшті жел соғады".

Дауылды ескертулер сақталады:

6 ақпан

Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде 23-28, облыстың оңтүстігінде 20 градус аязға дейін одан әрі төмендейді. Ақтөбе қаласында ауа температурасы түнде 23-25 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.

Қостанай облысында ауа температурасы түнде 20-25, облыстың батысында 28 градус аязға дейін, күндіз 17-22 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 18-23, облыстың солтүстігінде 26 градус аязға дейін, күндіз 15-20 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Петропавлда ауа температурасы түнде 20-22 аязға дейін, күндіз 15-17 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде ауа температурасы түнде және күндіз 15-20 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Көкшетауда ауа температурасы түнде 18-20 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Қызылорда облысында ауа температурасы түнде және күндіз 2-7, облыстың солтүстігінде 12 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Түркістан облысында ауа температурасы күндіз 2-7 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 1 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Шымкентте күндіз 2-4 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

Түркістанда күндіз 3-5 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

Жамбыл облысында ауа температурасы күндіз 1 градус аяз-4 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 6 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Таразда ауа температурасы күндіз 2-4 градус жылы күрт төмендейді.

7 ақпан

Ақмола облысында ауа температурасы түнде 17-22, облыстың батысында 25 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Астанада ауа температурасы түнде 18-20 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Ұлытау облысында ауа температурасы түнде 15-20, облыстың батысында 23 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Қарағанды облысында ауа температурасы түнде және күндіз 11-16, облыстың батысында, солтүстігінде 19 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Павлодар облысында ауа температурасы түнде және күндіз 15-20, облыстың батысында 23 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Дауылды ескертулер күтіледі:

6 ақпан

Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Таразда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, таңертең және күндіз кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Абай облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, облыстың орталығында 23-28 м/с, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.

Түркістан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 23-28 м/с, облыстың таулы бөктерінде екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.

7 ақпан

Алматы, Жетісу облыстарында ауа температурасы күндіз 0-5, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 8-13 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Абай облысында ауа температурасы түнде және күндіз 12-17 градус аязға дейін күрт төмендейді, 08 ақпанда түнде 15-20, облыстың оңтүстігінде 12 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.

8 ақпан

Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 10-15, облыстың солтүстігінде, шығысында 18, күндіз 8-13, облыстың солтүстігінде, шығысында 16 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: