Атаулы әлеуметтік көмекті кімдер және қалай алады: Еңбек министрлігінің түсіндірмесі

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2026 09:31 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕХӘҚМ) 2026 жылғы 9 ақпанда қазақстандықтарға төленетін атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 25,8 мың отбасындағы 138,1 мың адамға тағайындалып, төлемдердің жалпы сомасы 2,3 млрд теңгені құрады. Биыл бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 62,7 млрд теңге қарастырылған.

Ведомство өкілдері атаулы әлеуметтік көмектің негізгі мақсаты — ақшалай төлемдер көрсету және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға бағытталған белсенді шараларға тарту арқылы азаматтарды қиын өмірлік жағдайдан шығару екенін еске салды.

Атаулы әлеуметтік көмек мыналарды қамтиды:

  • табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға әлеуметтік көмекті тоқсан сайын тағайындау;
  • аз қамтылған отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі (қоса алғанда) балаларға ай сайын қосымша төлем төлеу. Әр балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі. 1 ақпандағы жағдай бойынша бұл қосымша төлем 42,4 мың мектепке дейінгі жастағы балаға тағайындалып, жалпы сомасы 270,4 млн теңгені құрады;
  • еңбекке орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, қажет болған жағдайда біліктілікті арттыру курстарына жолдау және өзге де жұмыспен қамту шаралары арқылы қолдау көрсету.

Қазіргі таңда қазақстандықтар атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына, ауылдық округ әкіміне немесе электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы өтініш бере алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: