Теміржол қауіпсіздігі ережелеріне өзгерістер енгізілді

КТЖ, Казахстанские железные дороги, поезд, поезда, вагон, вагоны, ЖД, железнодорожный вокзал, платформа, расписание поездов, скоростной поезд, Тальго, пассажиры, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2026 12:42 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 2 ақпанда ҚР уақытша міндетін атқарушы көлік министрінің бұйрығымен магистральдық және станциялық жолдар мен теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін қажетті басқа нысандарды қосу және шығару ережелеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Енді Ұлттық теміржол компаниясы кез келген өтініш түскеннен кейін жеті жұмыс күні ішінде станциялық жолдар мен нысандарды тексеріп, олардың теміржол қауіпсіздігі ережелеріне сай келетінін анықтауы қажет.

Тексеру нәтижесі бойынша компания үш жұмыс күні ішінде станциялық жолдар мен нысандарды магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін қажет нысандар тізіміне қосу туралы ұсыныс әзірлеп, оны уәкілетті органға жібереді.

Ұсынысты дайындағанда мыналар ескеріледі:

  • пойыз қозғалысы мен станциядағы маневр жұмыстарын қауіпсіз жүргізу қажеттілігі;
  • станциялық және магистральдық желілердің өткізу және өңдеу қабілетін арттыру;
  • қосылатын станцияны дамыту мүмкіндігі;
  • пойыздарды бағыттау, өту және жолаушылар мен жүк пойыздарын қақтығыссыз өткізу үшін жолдарды пайдалану қажеттілігі;
  • нысандардың техникалық дұрыс жағдайда болуын қамтамасыз ету және ағымдағы, күрделі жөндеулерді уақтылы жүргізу;
  • жылжымайтын мүлікке құқықты растайтын және идентификациялық құжаттардың (жер учаскесінің идентификациялық құжаты, кадастрлық паспорт, мемлекеттік тіркеу) болуы.

Бұл бұйрық 2026 жылғы 17 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: