Қазақстан Конституциясының жобасына волонтерлік қызметті қолдау нормасы енгізілді

Волонтер, волонтеры, волонтерство, НПО, активист, активисты, некоммерческая организация, общественная организация, благотворительность, благотворительная организация, благотворительные организации, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2026 16:41 Фото: freepik
Конституциялық соттың төраға орынбасары Бахыт Нұрмұханов 2026 жылғы 9 ақпандағы Конституциялық реформа комиссиясының отырысында Қазақстандағы волонтерлерді қолдау ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол бұрын Комиссияға волонтерлік қызметті конституциялық деңгейде бекіту туралы ұсыныстар түскенін еске салды.

""Волонтерлік қызмет туралы" заңның болуы, сондай-ақ азаматтардың тегін ерікті көмегінің маңызы мен оның қоршаған ортаны қорғаудағы рөлі ескеріліп, бұл ұсыныс қолдау тапты. Конституцияның 31-бабы, 2-тармағына түзету енгізіліп, Қазақстанда ерікті әлеуметтік сақтандыру, басқа әлеуметтік қамтамасыз ету түрлері, волонтерлік қызмет пен қайырымдылық қолдау табатыны көрсетілді", – деді ол.

Сондай-ақ, ол бұл идея жобаның басқа нормаларын, әсіресе Алғы сөзді (Преамбуланы) және Қазақстан қызметінің негізгі принциптерін логикалық түрде толықтыратынын атап өтті.

Еске салсақ, 2026 жылғы 7 ақпанда Мәжіліс депутаты Вера Ким әлеуметтік қамтамасыз ету мен қайырымдылықты қолдаумен қатар волонтерлікті ынталандыруды да бекіту туралы ұсыныс жасаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: