Биыл неке қиюды жоспарлап отырған қазақстандықтарға жылдың "ең әдемі күні" аталды
Сурет: Instagram/gov4c.kz
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ баспасөз қызметі неке қию сияқты маңызды сәттер үшін ең әдемі күндерінің бірі - 26.02.2026 сынды датаны қалай таңдауға болатындығын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталмыш ақпарат 2026 жылғы 10 ақпанда ведомствоның Instagram парақшасында жарияланды.
"Неке қию сияқты маңызды сәттер үшін көптеген жұптар әдемі әрі есте қалатын күндерді таңдауды жөн көреді. Биылғы жылдың ең әдемі жақын күндерінің бірі – 26.02.2026", – делінген ақпаратта.
Мемлекеттік корпорация Қазақстанда неке қиюға өтініш таңдалған күннен 15 күнтізбелік күн бұрын берілетіндігін атап өтті.
"Осылайша, 2026 жылдың 26 ақпанында некеге тұрғысы келетіндер өтінішті осы сәрсенбіде, яғни 11 ақпанда тапсыруы қажет",- деп нақтылады ведомство.
Бұған дейін Алматы неке қию көрсеткіші бойынша елімізде көш бастап тұрғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript