Торттың арасынан тіс шыққан: кондитерлер тұрғынның өзін кінәлауда

СҚО-да дүкен сөресіндегі торттың арасынан тіс шыққан , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2026 09:33 Сурет: pixabay
Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны дүкен сөресінен сатып алған тәттіден тіс тауып алған. Алайда, кондитерлер оны бопсалап отыр деп айыптауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адам тәтті арасынан тіс шыққанын таспалап, желіге жүктеген. Кадрлар бірден көпшіліктің қызу талқысына түсті. Тұрғынның айтуынша, бұл бейнеден кейін оған дереу өндіруші компанияның өкілдері хабарласып, жағдайды шу шығармай шешуді ұсынған.

Almaty.tv телеарнасының ақпаратынша, кейінірек кондитерлер полицияға жүгініп, сатып алушыны бопсалады деп айыптаған. Олардың айтуынша, мәселені бейбіт жолмен шешу үшін ер адам екі миллион теңге талап еткен.

Торттан тіс шыққаны шынымен рас па, әлде бұл оңай жолмен ақша табудың айласы ма, енді құқық қорғау органдары істі анықтауға кірісті.

"Қазіргі уақытта мән-жайларды жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Соңғы процессуалдық шешім тексеру нәтижелері бойынша қабылданады", – деп түсіндірді СҚО полиция өкілі Махаббат Әбжанова.

Бұған дейін Алматыда ҚАЖ мекемесінің аумағына тыйым салынған заттарды кіргізу әрекеті әшкереленгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: