20–22 ақпан: Қазақстанның үш қаласында ауа райы қандай болады

Медео, Медеу, высокогорное урочище, горы, высокогорный спортивный комплекс, осень в горах, первый снег, туман, заморозки, похолодание , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2026 16:07 Фото: Zakon.kz
20–22 ақпан аралығында Алматыда қайтадан жауын-шашын мен салқындау күтіледі, Астанада – қар мен бұрқасын, температура түнде -12°С дейін төмендейді, ал Шымкентте жаңбыр жауып, ауа температурасы +24°С дейін жылынады.

Бұл туралы 2026 жылғы 20–22 ақпанға арналған ауа райы болжамында "Қазгидромет" баспасөз қызметі хабарлаған.

Астанаға арналған ауа райы болжамы:

20 ақпан: күн ала бұлтты, жауын-шашын жоқ. Түнде және таңертең тұман. Жел шығыс, оңтүстік-шығыс бағытында: түнде 2–7 м/с, күндіз 9–14 м/с. Ауа температурасы: түнде -20…-22°С, күндіз -8…-10°С.

21 ақпан: күн ала бұлтты, таңертең және күндіз қар, төменгі қабатта бұрқасын. Жел оңтүстік-шығыс 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде -10…-12°С, күндіз -6…-8°С.

22 ақпан: күн ала бұлтты, кейде қар, төменгі қабатта бұрқасын. Жел оңтүстік-батыс 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде -10…-12°С, күндіз -5…-7°С.

Алматыға арналған ауа райы болжамы:

20 ақпан: күн ала бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жел батыстан шығысқа 3–8 м/с. Температура: түнде +4…+6°С, күндіз +12…+14°С.

21 ақпан: күн ала бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр. Жел оңтүстік-шығыс 3–8 м/с, күндіз екпіні 12 м/с. Температура: түнде +3…+5°С, күндіз +7…+9°С.

22 ақпан: күн ала бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыс 3–8 м/с, күндіз екпіні 11 м/с. Температура: түнде 0…+2°С, күндіз +8…+10°С.

Шымкентке арналған ауа райы болжамы:

20 ақпан: күн ала бұлтты, жауын-шашын жоқ. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыс бағытынан оңтүстік-батысқа 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде +6…+8°С, күндіз +22…+24°С.

21 ақпан: күн ала бұлтты, кейде жаңбыр. Жел оңтүстік-батыс 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде және күндіз +5…+7°С.

22 ақпан: күн ала бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа 8–13 м/с. Температура: түнде 0…+2°С, күндіз +11…+13°С.

Синоптиктердің хабарлауынша, 19–21 ақпан аралығында елдің оңтүстігінде күрт салқындау болады, қыс өз мінезін тағы да көрсетпек.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: