Bolashaq.me жасөспірімге еңбек нарығы өзгерген заманда қандай бағыт береді

Bolashaq.me жасөспірімге еңбек нарығы өзгерген заманда қандай бағыт береді, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2026 17:20 Сурет: Zakon.kz
Қазіргі еңбек нарығы бұрынғыдай тұрақты емес. Әр бірнеше жыл сайын жаңа мамандықтар пайда болып, кейбірі өзектілігін жоғалтады. Осындай қарқынды өзгерістер кезеңінде болашақта сұранысқа ие болу үшін кәсіби бағытты ерте анықтау маңызды.

Дәл осы қажеттілікті ескере отырып, Halyk қайырымдылық қоры "Тәлімгер" жобасы аясында Bolashaq.me цифрлық профориентациялық платформасын іске қосты. Жоба жасөспірімдерге саналы мамандық таңдауға көмектесетін жаңа буын инфрақұрылымы ретінде ұсынылып отыр.

Bolashaq.me қолданушыларға арнайы тестілеуден өтіп, өзіне сәйкес келетін мамандықтар спектрін анықтауға мүмкіндік береді. Әрі қарай оқушы немесе студент мамандықтың мазмұнымен терең таныса алады: жұмыс күні қалай өтеді, қандай дағдылар қажет, еңбек нарығындағы сұраныс қандай, жалақы деңгейі қандай – барлығы жүйеленген форматта ұсынылған.

Платформа базасында 1000-нан астам мамандық 24 сала бойынша топтастырылған. Әрқайсысына балама атаулар енгізілген, бұл іздеу процесін жеңілдетеді.

Кіші сынып оқушыларына ақпарат жеңіл әрі түсінікті тілде берілсе, жоғары сынып оқушылары мен студенттер үшін нақты еңбек шарттары мен жұмыс берушілердің талаптарына басымдық жасалады.

Жоба әрі қарай да дамытылады: алдағы уақытта мектеп профориентологтарына арналған әдістемелік материалдар мен ата-аналарға практикалық кеңестер қосылады. Кейін тест нәтижесіне сәйкес жоғары оқу орындарындағы мамандықтар туралы нақты деректер енгізілмек.

Бизнес – серіктес әрі тәжірибе көзі

Bolashaq.me әзірлеуге бизнес өкілдері де тартылған. 100-ден астам мамандық бойынша нақты салада еңбек етіп жүрген кәсіби мамандардың видеоматериалдары жарияланған. Олар өз жұмыс орнын көрсетіп, мамандықтың артықшылықтары мен қиындықтары туралы шынайы тәжірибесін бөліседі.

Бұл тәсіл жасөспірімге мамандықты сырттай емес, "ішінен" көруге мүмкіндік береді, яғни таңдау абстрактілі сипаттамаларға емес, нақты тәжірибеге сүйенеді.

AI – жеке бағыттаушы құрал

Платформада жасанды интеллект негізіндегі кеңесші жұмыс істейді. Ол тест нәтижелерін талдап, кәсіби қызығушылықтарды нақтылап, жеке ұсыныстар қалыптастырады.

2026 жылы AI функционалы кеңейтіліп, жүйе пайдаланушының жас ерекшелігі мен дағдыларының даму динамикасын ескеретін ұзақ мерзімді сүйемелдеу құралына айналмақ.

Сервис толықтай тегін және Kundelik.kz білім беру жүйесімен интеграцияланған. Бұл оны еліміздің кез келген өңіріндегі оқушылар үшін қолжетімді етеді.

Bolashaq.me іске қосылуы – адам капиталына жүйелі инвестиция стратегиясының бір бөлігі. Қаржы, өнеркәсіп, инвестиция және білім салаларын біріктіретін экожүйе еліміздегі ірі жеке жұмыс берушілердің қатарында.

Осы тұрғыда білімге салынған инвестиция қайырымдылықтың жекелеген акциясы емес, экономикалық стратегияның логикалық жалғасы саналады. Экономика – мүмкіндіктер жасайды, білім – сол мүмкіндіктерге дайындайды, ал цифрлық құралдар саналы таңдау жасауға жол ашады.

Bolashaq.me жасөспірім үшін осы мүмкіндіктер экожүйесіне алғашқы қадам болмақ. Платформа арқылы оқушы қай салалар қарқынды дамып жатқанын, қай бағытта кадр тапшылығы бар екенін, болашақта қандай дағдылар сұранысқа ие болатынын, нақты нәтижеге жеткізетін білім беру траекториясын түсіне алады.

Осылайша ірі жұмыс беруші тек жұмыс орындарын құрумен шектелмей, алдағы 10-15 жылға арналған кадрлық резервтің қалыптасуына да үлес қосады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: