Қазақстанда -37°С-қа дейін аяз күтіледі

Алматинская телебашня, телевизионная и радиовещательная башня, Кок-Тобе, Кок Тобе, Алматы, Алматы зимой, виды города Алматы, зима в Алматы, зимой в Алматы, зимний Алматы, заморозки в Алматы, мороз в Алматы, снег в Алматы, похолодание в Алматы, снегопад, снегопад в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2026 15:37 Фото: Zakon.kz
Қазгидромет синоптиктері Қазақстанда ауа температурасының күрт төмендейтінін ескертті. Ел бойынша 2026 жылғы 21, 22 және 23 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен әртүрлі қарқындылықтағы жауын-шашын күтіледі.

Солтүстік және шығыс облыстарда қар жауады, кей жерлерде қалың қар түсуі мүмкін. Оңтүстік өңірлерде жауын-шашын негізінен жаңбыр түрінде болады. Сондай-ақ екпінді жел күшейіп, боран соғуы ықтимал.

Жекелеген аумақтарда көктайғақ пен тұман байқалуы мүмкін.

Циклон өткеннен кейін батыс облыстарға Еуропалық-Трансатлантикалық өңірден келген антициклон ықпал етеді. Жауын-шашын тоқтағанымен, ауа температурасы төмендей бастайды.

Түнгі уақытта температура төмендегідей болады:

  • батыста – -10…-22°С;
  • солтүстікте – -17…-25°С;
  • оңтүстікте – -8°С.


"23 ақпаннан бастап елдің солтүстік-батысында, 24 ақпаннан бастап солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы -25…-37°С-қа дейін күрт төмендейді", – деп хабарлады Қазгидромет баспасөз қызметі.

Қыс өз кезеңін аяқтай отырып, тағы бір тосын мінез танытпақ. 19 ақпанда Алматы тұрғындары ауыр қысқы киімдерін шешіп, жеңіл киіммен серуендеген еді. Себебі сол күні ауа температурасы +22°С-қа дейін көтерілді. Ал 20 ақпанда аспанды сұр бұлт торлады.

Кейін синоптиктер қысқы жылымықтың аномальды құбылыс екенін нақтылап, климаттық "тербелістер" әлі де күшейе түсетінін ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: