Астанада екі адамның өліміне әкелген жол апаты: күдікті ұсталды, қылмыстық іс аяқталу сатысында

Дорожно-транспортное происшествие, авария, ДТП, разбитая машина, разбитый автомобиль, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2026 14:25 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 25 ақпанда Мәжілістегі брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Астанада болған адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық істің кейбір мән-жайын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған жол апаты 2026 жылғы қаңтарда орын алған.

"Күдікті ұсталды, сот санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша қосымша ақпарат беріледі", – деді Санжар Әділов.

Оның айтуынша, қылмыстық іс тергеудің аяқталу кезеңінде тұр.

Еске салсақ, қайғылы оқиға 28 қаңтарда Сарайшық көпірінде болған. Ауыр жол апатының салдарынан екі адам тіл тартпай кетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: