Kcell және activ абоненттеріне Таяу Шығыс елдерінде тегін роуминг-пакет ұсынылады

Таяу Шығыста орын алған жағдайға байланысты "Кселл" АҚ (Kcell және activ брендтері) Иран, Иордания, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Катар, Кувейт, Ливан, Бахрейн және Израиль аумақтарында жүрген абоненттеріне тегін роуминг-пакет ұсынады., сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2026 11:21 Сурет: Kcell
Таяу Шығыста орын алған жағдайға байланысты "Кселл" АҚ (Kcell және activ брендтері) Иран, Иордания, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Катар, Кувейт, Ливан, Бахрейн және Израиль аумақтарында жүрген абоненттеріне тегін роуминг-пакет ұсынады.
"Біз қиын жағдайда клиенттерімізді байланыссыз қалдыруға болмайды деп есептейміз. Байланыссыз қалу қаупі туындаған сәтте абоненттеріміздің жақындарымен хабарласа алуын қамтамасыз ету — біздің басты міндетіміз. Сондықтан дәл қазір хабар алысу үшін қосымша байланыс пакетін ұсынып отырмыз", — деп атап өтті "Кселл" АҚ басқарма төрағасы Асқар Жамбакин.

Пакет аясында абоненттерге автоматты түрде 1 ГБ интернет-трафик және кіріс қоңырауларға, Қазақстанға қоңырауларға, сондай-ақ сол елдің ішіндегі қоңырауларға 10 минут беріледі. Пакеттің қолданылу мерзімі есептелген сәттен бастап 7 күнтізбелік күн.

Бонус ретінде берілген трафик пен минуттар бұрын қосылған роуминг-пакеттер болған жағдайдың өзінде басым тәртіппен пайдаланылады.

Пакет 2026 жылғы 1 наурыздан бастап аталған елдерде жүрген абоненттерге автоматты түрде қосылады.

"Кселл" АҚ жағдайды мұқият бақылауды жалғастырып, қажет болған жағдайда абоненттерінің үздіксіз байланысын қамтамасыз ету мақсатында қосымша қолдау шараларын қабылдауға дайын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: