Қазақстанда 2029 жылға дейін 10 мың шақырым автожол жөнделеді

Дорожное строительство, строительство трассы, укладка асфальта, строительство дороги, ремонт дороги, ремонт трассы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2026 10:29 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 3 наурызда ҚР Үкіметінің отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев автожолдарды жөндеуге қатысты жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, жөндеу жұмыстары үш жылдық жоспар аясында жүргізілетін болады.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2029 жылға дейін жолдардың 10 мың км-де орташа жөндеуі жүргізіледі", – деді Сауранбаев.

Оның сөзінше, қазіргі таңда 5 мың км жол жөндеуден өткен.

"2029 жылға дейін тағы 5 мың км жол жөнделеді, бұл қойылған міндеттің толық орындалуын қамтамасыз етеді", – деп қосты Сауранбаев.

Еске салсақ, бұған дейін Сауранбаев Қарағанды мен Жезқазғанды қосатын жол құрылысының басталу мерзімдерін жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: