Ғылыми тағылымдамалар конкурсына өтінім қабылдау мерзімдері жарияланды

Студенты, университеты, вузы, абитуриенты, выпускники, поступление, образование, высшее учебное заведение, высшие учебные заведения, институты, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2026 11:17 Фото: akorda.kz
2026 жылғы ғылыми тағылымдамалар конкурсына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау және конкурс өткізу мерзімдерін бекітетін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығы әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мерзімдер:

  • Өтінімдерді қабылдау: 10 наурыз – 30 қазан 2026 ж.
  • Конкурс өткізу: 13 сәуір – 31 желтоқсан 2026 ж.

Сонымен қатар, 2026 жылға арналған жетекші шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымдары, ғылыми орталықтар мен ғылыми тағылымдамаларға ұсынылатын ұйымдардың тізімі бекітіледі.

Бұл тізім "Жетекші шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымдары, ғылыми орталықтар мен басқа ұйымдар тізімін жасау бойынша нұсқаулыққа" сәйкес дайындалған.

Құжат "Ашық НҚА" сайтында жарияланып, 20 наурызға дейін қоғамдық талқылауға қойылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: