Қостанайда 260-тан аса оқушысы бар мектеп карантинге жабылды
Фото: Zakon.kz
Қостанай облысының Меңдіқара ауданында ауыл мектебі карантинге жабылды.
Облыстық білім беру басқармасының мәлеметінше, ондағы асхана қызметкері бұрын туберкулез жұқтырған болып шықты, деп жазады qazaqstan.tv
Оған қоса жұмысқа заңсыз қабылданғаны анықталған.
Мектепте 1-11сынып аралығында барлығы 268 бала білім алады.
Қауіпсіздік шараларына байланысты енді олар уақытша онлайн форматқа көшті. Қазір ғимарат іші толық дезинфекцияланып жатыр.
Аудандық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау мамандары тексеріс бастады. Нәтижесі келесі апта шығады. Ауру жұқтыруы мүмкін адамдар дәрігерлердің бақылауында. Қазір ұлттық экспертиза қызметкерлері асхана мен ғимарат ішін толық залалсыздандырып жатыр. Жағдай толық бақылауға алынды. Гүлім Досымова, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript